Ақпан айында Қосшы қаласы білім бөліміне қарасты Құзыреттілік орталығының жоспары бойынша І қалалық "Үздік балабақша тәрбиешісі" байқауы ұйымдастырылды.Осы байқауға балабақшамыздың озық ойлы,шығармашыл, тәжірибелі тәрбиешісі Пермахан Жансұлу қатысты.
Байқау ІІ кезеңнен тұрды.І кезең бойынша өзінің шығармашылық портфолиосы бойынша ең жоғары балл жинаған әріптесіміз ІІ кезеңде әділ -қазылар алдында Бір тұтас тәрбие бағытында "Асық - ұлттық ойынның төресі" атты Ашық ұйымдастырылған іс -әрекет көрсетті.Тәрбиеші кіріктіру принципі арқылы өткізген іс -әрекеті әдістеме ,көрнекілік, дидактикалық,музыкалық сүйемелдеу жағынан бір -бірімен шебер байланыста көрсетілді.
Ұйымдастырылған іс-әрекет тәрбиеленушіге білімнің жаңа асуларын алуға серпін берді.