
Құрметті ата-ана!
«TULPAR EDUCATION» ЖШС-нің «Еркемай » жеке меншік балабақшасына қош келдіңіз!
Біздің балабақшада бала үшін жылылық пен мейірімділік атмосферасы, баланың өзін жайлы сезінуіне жағдай жасалынған.Тәжірибелі , біліктілік санаты бар педагогтар әр баланың жеке дамуына, қабілеттерінің ұшталуына, қоршаған ортаны танып білуіне , көпшілік ортада өзін ұстай білуін қалыптастырады. Сіздің балаңыз өз ортасында құрбыларымен қарым –қатынасқа түсіп, өзіне қажетті біліммен қаруланады.Денсаулығын нығайтып, сауықтыру шаралары арқылы денесі шынығады. Тәжірибелі педагогтар тарапынан шынайы махаббат пен қамқорлыққа бөленеді.
Балабақшада жас ерекшелігіне сай 11 топ жұмыс жасайды.
2-3 жас Кіші сәбилер тобы
3-4 жас Ортаңғы топ
4-5 жас Естияр тобы
5-6 жас Мектеп алды даярлық тобы
Жұмыс режимі:
Бес күндік жұмыс аптасы
Жұмыс уақыты 7-30 –ден 18.00 дейін;
Демалыс күндері : сенбі, жексенбі және мейрам күндері
Тамақтану : бес уақыт құнарлы тамақтану. Аллергиясы бар балаларға арналған жеке ас мәзірі қарастырылады.
Медициналық кабинет бала денсаулығын бақылауға арналған . Балабақша ғимаратына видеошақыру мен камералар қойылған.Балабақша Мемлекеттік дотациямен жұмыс жасайды.
Директор Жәнібекова Ә.Ж
16.05.2025
Ваучерлік қаржыландыру
/public/files/2025/5/16/160525_162653_vauchernoe-finansirovaniekz.pdf
16.05.2025
Ваучерлік қаржыландыру
/public/files/2025/5/16/160525_160417_whatsapp-video-2025-05-16-at-135409.mp4
28.02.2025
1 наурыз - Алғыс айту күні
Алғыс айту күні құтты болсын! Өмірдің әрбір сәті алғысқа лайық болсын! Сіздерге жылы кештер мен жайлы отбасылық мерекелер, барлық жақындарыңыз бен отбасыңыздың өзара түсіністік пен сөзсіз қабылдауын тілеймін! Мерекелік дастарханда қуаныш пен шаттық көп болсын!
24.02.2025
Үздік тәрбиеші 2025
Ақпан айында Қосшы қаласы білім бөліміне қарасты Құзыреттілік орталығының жоспары бойынша І қалалық "Үздік балабақша тәрбиешісі" байқауы ұйымдастырылды.Осы байқауға балабақшамыздың озық ойлы,шығармашыл, тәжірибелі тәрбиешісі Пермахан Жансұлу қатысты.
Байқау...
24.02.2025
Олимпияда "Tulpar Logik"
Мектепке даярлық деңгейін көтеру мақсатында 31.01.2025 балабақшада жартыжылдық білімді қорытындылайтын дәстүрлі "Tulpar Logik" олимпиадасы өтіп,мектепалды тобының тәрбиеленушілері білім жарыстырды.Математика,сауат ашу бойынша білімдерін сынады. Жылда мектеппен...
05.02.2025
Жария талқылау
Жария талқылау
Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы ЖШС “TULPAR EDUCATION” “Еркемай” балабақшасы 2025 жылдың 1 наурыздан – 31 наурыз аралығында ресми интернет - ресурста Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет...